Алматы облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД-інен.
None
None

«Жол апаты сенбіге қараған түні Талғар қаласынан шығаберісте Кеңдала кентіне жақын жерде Mitsubishi Lancer көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы салдарынан орын алды, салонда 10 жолаушы болған. Ол қарсы жолаққа шығып кетіп, FAW жүк көлігімен соғылған. Апат салдарынан 9 адам көз жұмды, оның ішінде жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында ажал құшты», - делінген хабарламада.

Үш адам (ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де бар) Талғар қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Апат фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар