Алматы облысында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қосымша тағы он жоба жүзеге асырылатын болады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қосымша тағы он жоба жүзеге асырылатын болады. Осындай ақпаратты бүгін Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратты.
None
None

2010 жылы Жол картасын жүзеге асыру үшін 12,7 млрд. теңге бөлінді, қосымша 4,2 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды. Басында 13 755 жұмыс орнын құруға бағытталған 220 жоба нақтыланған еді.

Конкурстық шаралар нәтижесінде төрт инвестициялық бағыт бойынша 528,5 млн. теңгенің қаржысы үнемделді, соның есебінен облыста қосымша 10 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, ал 6 жоба бойынша үнемделген қаржы бұрындары басталған жобаларға - қорытынды нәтижелерді жақсарту үшін бағытталуда.

Осыған орай, жүзеге асырылып жатқан жобалар саны 230-ға дейін артты, сәйкесінше, жұмыс орындарының саны - 14 137-ге дейін көбейді. Қазіргі күні 230 жобаның 221-іне қатысты жөндеу жұмыстары басталып та кетті. Олардың қатарында: ТҮКШ 67 нысаны, жол-жөндеу жұмыстары бойынша - 51 нысан, 52 әлеуметтік нысан мен 51-і - ауылдар, поселкелер мен ауылдық округтерде.

14 113 жұмыс орны құрылды. Жол картасы нысандарындағы жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 12 125 болды, оның ішінде 6 173 адам қамту орталықтары арқылы жіберілді.

Соңғы жаңалықтар