Алматы облысында жол-көлік оқиғасында төрт адам қаза болды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Алматы облысының Ұйғыр ауданында Ақсай-Шонжы-Көлжат тас жолының 69-ыншы шақырымында «Москвич-412» және «Ауди» көліктері соқтығысып қалып, оқиға салдарынан төрт адам қаза болды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға кеше, қаңтардың 14-і күні таңертең болған. Оқиға орнында «Москвичтің» 31 жастағы жүргізушісі мен оның үш жолаушысы ? 61, 31 және 23 жастағы үш әйел көз жұмды. Сондай-ақ, екі жасар ұл бала мен бір жасар қыз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Соңғы жаңалықтар