Алматы облысында жолдағы «Жаңа-Арна» медициналық құтқару бекеті ашылды

   АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-Қапшағай тас жолының 57 шақырымында жолдағы «Жаңа-Арна» медициналық құтқару бекетінің ашылуы болды.
None
None

Жолдағы медициналық құтқару бекеттерін құру Елбасының Жолдауын іске асыру және ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар жолдардың ең қауіпті учаскелерінде жол-көлік оқиғалары кезінде жедел медициналық көмек көрсету, жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізілуде және ол маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.

Шараға аумақтық мемлекеттік ішкі істер органдары және жол полициясы, денсаулық сақтау басқармасы, жол-пайдалану қызметінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар