Алматы облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 3 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданындағы тоғандардың бірінде жүк көлігі суға батып кетті. Оның ішінен жүргізушінің мәйіті табылды.
None
None

31 мамыр күні кешқұрым ЗИЛ-130 көлігі Чапаев ауылының маңында орналасқан №3 тоғаннан шығарылды. Оның ішінде 53 жастағы ер адамның денесі болған.

Іле ауданындағы кәсіпорындардың біріне тиесілі көлік 28 мамыр күні Боралдай ауылынан шығып, ізім-ғайым жоғалып кетті. Кәсіпорын жұмысшылары бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларына арызданған. Алдын ала болжам бойынша, көлік тізгінінде отырған жүргізушінің көзі ілініп, ол жолдан тоғанға аударылған.

Соңғы жаңалықтар