20:56, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Алматы облысында жұмыс уақытында ішімдік ішкен мемлекеттік қызметкердің ісі қаралды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырсында жұмыс уақытында ішімдік ішкен мемлекеттік қызметкердің ісі қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жолы даудың басында Текелі қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Д.Ш. Нигматулин тұр.
Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Д.Ш.Нигматулинді мемлекеттік лауазымынан босату жөнінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Енді шешімді Текелі қаласының әкімі қабылдайтын болады.
Айта кету керек, Нығматулин жұмыс барысында ішімдік ішумен қатар, өзге де құқыққа сыйымсыз артықшылықтар көрсеткен.
Сондай ақ осы отырыста Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е. Ж. Тұрысбаевтың да ісі қаралды. Ол қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланғаны үшін ескерту алды.