Алматы облысында жүз келіден астам марихуана жасырылған құпия жер табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында есірткі сақтаған деген күдікпен қамауға алынған адам полицейлерге 110 келіден артық марихуана жасырылған жерді көрсетті.
110 келіден астам кептірілмеген есірткі Қарасай ауданының саяжай қоғамының бірінің аумағынан табылды.
Осыған дейін ер адам 90 келі марихуана сақтағаны үшін ұсталған. Тергеу барысында күдікті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне «схрон» жасырылған жерді көрсететінін айтқан. Тергеуге алынған күдіктінің нұсқау берген жеріне барып тексерген полицейлер кепенің астынан терең қазылған жерден есірткі заттарын тапқан.
Күдікті Қарасай аудандық ішкі істер бөлімінің бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр.