Алматы облысындаа 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы заң үстемдігі тұрғысынан сот жүйесін жетілдіруге қатысты 11 қадам Алматы облысы бойынша жүзеге асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық сотының судьясы Нұргүл Айымханова мәлімдеді, деп жазады «Айқын».
None
None

- Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде ұлттық сот жүйесі айтарлықтай жаңартылды. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар сот төрелігінің үш деңгейлі жүйесіне көшті. Судьялар этикасы кодексінің жаңа жобасы әзірленді. Кодексті осы жылы судьялардың VII съезіне қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні елімізде «Сот кабинеті» электронды қызмет көрсету жүйесі жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Бұл жүйе арқылы сот дауына қатысушылар өз істерінің қозғалысын қадағалай алады.Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі порталында «Талдау» форумы енгізілді. Бұл жаңа қызмет өзіне барлық санаттағы республика соттары сот тәжірибесінің жалпы қорытындысын кіргізеді. Жоспарланған қадамдар сот жүйесінің жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған, нәтижесінде қоғамның сотқа деген сенімі  артады, - деді ол.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2016 жылдың тек 6 айдың өзінде соттардың өндірісіне 20 182 азаматтық іс түскен. Оның ішінде медиация тәсілімен 1001 іс оң шешілген. Соттармен анықталған заңбұзушылықтар бойынша 120-ға жуық жеке ұйғарымдар шығарылған. Осы орайда айта кетейік, Алматы облысы бойынша жергілікті жерлерде 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді. Онда тұрғындарға медиатордың кеңестерін алуға жағдай жасалған.
Облыстың барлық сатысындағы соттарда істер толығымен дыбыс-бейнежазба құралдарымен қаралады. Мұндай қондырғыларымен бүгінгі күні Алматы облысы соттарындағы сот отырысы залдары 90% жабдықталған. Былтырғы бірінші жартыжылдықта сот ісінің өтуіне көңіл толмаушылық білдірген 8 арыз түскен болса, биылғы 6 айда небәрі 
1 ғана шағым болыпты. Демек, бұл сот барысының үтір-нүктесіне дейін дыбыс-бейнеқұралдарына тайға таңба басқандай жазылып, ашық өтетіндігінің нәтижесі.
Істі сот талқылауына дайындау институтына зор мән берілгендіктен судьяның істі сот талқылауына дайындау әрекеттеріне ерекше назар аударылуда. Сөзбұйдалыққа жол бермеу мақсатында талап қою арызын қараусыз қалдыру, істерді қарауды кейінге қалдыру мәселелері де облыстық соттың қатаң бақылауында. 
Бүгінгі таңда облыстағы судьялардың 47 пайызы жастар екен. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 2-бөліміндегі «Заңның үстемдігін қамтамасыз етудің» 17-қадамындағы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту бойынша да облыстық сотта тиімді жұмыстар жүргізілуде. Судьялыққа үміткерлер облыстық соттың жанындағы  консультативтік-кеңесші орган - Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, содан соң жалпы отырыстың қатаң сүзгісінен өтіп барып, ұсыным алады. 

 

Соңғы жаңалықтар