Алматы облысындағы газ құбыры компаниясында 30-дан астам Қытай азаматы заңсыз жұмыс жасаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы облысындағы газ құбыры компаниясында 30-дан астам Қытай азаматы заңсыз жұмыс жасаған, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
None
None

«Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасының Шонжы шекара аумағында өткізген рейді барысында, «Шарын» аулында орналасқан «GPP- Қазақстан» газ құбырлары фирмасында Қазақстан Республикасында болуға рұқсат беретін құжатсыз заңсыз жүрген 33 Қытай азаматы ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта фильтрациялық шаралар өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар