Алматы облысындағы қант зауытын іске қосуға 1 млрд теңге инвестиция қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғаты шұрайлы Жетісу өңірі өндіріс пен өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға өте қолайлы. Бірақ оны өркендетуге инвестиция қажет, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында «Жетісу инвест-2016» халықаралық форумы өтті. Жиынға шетелдік және отандық 400-ге жуық инвестор жиналды. Мамандардың айтуынша, биыл Алматы облысында қант қызылшасы мен алма бағының көлемі артады. Ескелді ауданындағы қант зауытын қосуға 1 млрд теңге инвестиция қажет. Ал Ақсу ауданында тоқтап қалған қант зауытын қайта жандандыруға украиналық инвесторлар қызығушылық танытып отыр.

Жиын соңында Алматы мен Жамбыл облыстары екіжақты меморандумға қол қойды. Келісім бойынша шетелдік 8 компания 484 млн АҚШ доллары көлемінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын болды.

 «Облыста бау-бақша көлемі 20 мың гектарды құрайды. Ал интенсивті бақша көлемі 2 мың гектардан астам. 2016 жылы 1600 гектар бау-бақшаға бөлінген жерде енді «Апорт» бағдарламасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі», - деді  Алматы облысының әкімі  Амандық Баталов.

 

Соңғы жаңалықтар