Алматы облысындағы колония бухгалтерлерінің бюджет қаржысын қымқырғаны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстық ҚАЖД ЛА-155/8 РМК-нің екі бухгалтері Н. Жақып және Г.Сағындықтың заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Бұл туралы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Н. Жақып және  Г.Сағындықтың алдын ала келісіммен кездесуге арналған бөлмелерді жалға алу үшін азаматтар төлеген жалпы сомасы 3 000 000 теңгені құрайтын қаражатты мекеме бухгалтериясының кірісіне енгізбей қалтасына басқаны анықталды. 

Қазіргі таңда күдіктілер кінәларын мойындады, келтірілген залал толық өтелді.

Н. Жақып пен  Г.Сағындыққа қатысты «кепілдік төлеу» бұлтартпа шарасы тағайындалды.  

Соңғы жаңалықтар