Алматы облысындағы қорықта браконьер елік атқан

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысының қорығында ер адам заңсыз мылтықпен елік атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысындағы қорықта браконьер елік атқан

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Талғар ауданының мемлекеттік қорығының аумағында кезекті рейдтік іс-шара өткізу барысында Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Браконьер атып алған елікті бірнеше бөлікке бөліп үлгерген. Одан түз жануарының еті мен мылтық тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдікті 1977 жылғы алматылықта атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға ешқандай құжаттардың жоқтығын анықтады.

Тәртіп сақшылары процессуалдық әрекетке кірісіп, заңсыз аң аулау дерегін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, күдіктіні полиция бөліміне тексеру үшін жеткізді. ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.