Алматы облысындағы логистикалық фирмаларды полицейлер «қамқорлыққа алған»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті ҚР ІІМ Көліктегі ІІД Достық стансасының Желілік полиция бөлімінің басшысы, подполковник Т.Құйқабаев және оның орынбасары подполковник Д.Мәдибаевты әшкереледі, деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Алматы облысындағы логистикалық фирмаларды полицейлер «қамқорлыққа алған»

Лауазымды тұлғалар Достық стансасы аумағындағы логистикалық фирмаларды «қамқорлыққа алу» бойынша қылмыстық схема ұйымдастырған.

«Тауарды кедергісіз арту және алдағы уақытқа қорғауға алғаны үшін Құйқабаев пен Мәдибаев 100 000 теңге көлеміндегі кезекті парасын алу үстінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Т.Құйқабаев және Д.Мәдибаев Сарқан ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.