Алматы облысындағы өрт 200 гектар жерді жайпады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысының Райымбек ауданында далалық алқапта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамының 13 адамы және Сарыжаз ауылдық округінен 65 адам жұмылдырылды.

Тілсіз жау 200 гектар жерге жайылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар