Алматы облысындағы орта мектеп ғимаратында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы орта мектепте өрт шықты, зардап шеккендер жоқ,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайдар министрлігінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі, маусымның 28-і күні сағат түнгі 2.38-де Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің музыка сыныбында өрт басталған. Оның аумағы 42 шаршы метрді алды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт бір сағаттан соң ҚР ТЖМ Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 11 адам мен 3 техникасының күшімен сөндірілген.

Соңғы жаңалықтар