Алматы облысындағы өртті сөндіру кезінде ер адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаратал ауданындағы Кіші төбе ауылында сағат 07:15-те өрт болды.
None
None

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Өрт сағат 08:00-де ауыздықталып, 08:25-те толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ-нің Алматы облыстық ТЖД өртке қарсы қызметіндегі жеке құрамның 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын тілі 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар