Алматы облысындағы «Прогресс» политехникалық колледжінде мүгедек әйелдер білім алатын болады

кәсіби техникалық білім беру мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жұмыс берушілер қатысқан «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараның тақырыбы - «Мүгедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу, тең жағдай жасап, кәсіби білім алу мен жұмыспен қамтамасыз ету».
«Ауылдық жерлерде тұратын мүгедек әйелдер үшін олардың кәсіби білім алуын былай қойғанда, қазір жұмыс табу өте қиын. Бұл мәселеге мүгедек әйелдер үшін қайырымдылық курстарын ұйымдастыру арқылы екпін береміз деп шешім қабылдадық», - дейді колледж директоры, Іле ауданы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жанна Телпекбаева.
Қазір политехникалық колледже электронды есептеуіш машина операторы мен тігінші мастер мамандықтары бойынша мүмкіндігі шектеулі әйелдерді оқуға қабылдау жүріп жатыр.