Алматы облысындағы шекара заставасының командиріне белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ұйғыр АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Қолжат ауылына жақын орналасқан шекара заставасынан белгісіз үш адамның застава командирін пышақпен қорқытып, ақша талап еткені туралы хабарлама келіп түсті. Алайда оқиға орнына келіп қалған әскери қызметкерлер қастық әрекеттің жасалуына кедергі болды.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жедел-іздеу шараларын өткізу барысында күдікті азаматтар - бұған дейін әскерден түрлі себептермен шығарылған бұрынғы әскери қызметкерлер екені белгілі болды.

Істі қарау кезінде ұсталған азаматтардың бірі шекара жасақтарының офицеріне таныс болып шыққаны анықталды. Қорқытып ақша талап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардан тергеу уақыты бойынша, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram