Алматы облысындағы түрмеде үш адам өз денелеріне жарақат салды
«Адам өлтіру, зорлау қылмысы бойынша 12 жылға сотталған олардың бірі басын қабырғаға соқса, қарақшылық үшін 6 жылға сотталған екіншісі басымен терезені сындырып жарақат алды, ұрлық үшін 5 жыл жазаға кесілген үшінші адам өз-өзінің қолын кесіп жіберді. Бұлардың үшеуі де мекеме тәртібін ұдайы бұзатын сотталғандар», - деп хабарлайды ҚАЖД.
Олардың қолдарына кісен салынып, бақылаушы орган өкілдерінің көз алдында акт толтырылды.
Орын алған жағдайға байланысты материалдар Ақпараттарды тіркеу кітабына енгізіліп, процессуалдық шешімдер қабылдау мақсатында Қапшағайдағы қалалық ішкі істер бөліміне жіберілді.
Осыған дейін хабарланғандай, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде тінту жұмыстары мүлікті толық түгендеу арқылы жүзеге асырылуда, шараның негізгі мақсаты - түзету мекемелеріндегі тәртіпті күшейтіп, тыйым салынған заттарды анықтау және жою.