Алматы облысындағы Жалаңаш ауылының атауы Жалағаш болып өзгереді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Жалаңаш ауылының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Машкеев Азамат/foto-planeta.com

«Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылының атауы Жалағаш болып аталсын. Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. Әбдірахымға жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған шешім-жобасында.

Құжат 22 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, бұған дейін Алматы облысындағы 6 ауылға қазақша атау берілетінін жазып едік. Атап айтқанда, мына ауылдар мен ауыл округтерге жаңа атау беріледі:

- Іле ауданы Энергетический ауыл округіне - Өтеген батыр;

- Іле ауданы Чапаев ауыл округі мен Чапаев ауылына - Байкент;

- Іле ауданы Междуреченск ауыл округі мен Междуреченск ауылына - Ақсай;

- Іле ауданы Энергетический ауыл округі Покровка ауылына - Кенен Әзірбаев;

- Іле ауданы КазЦИК ауыл округі Комсомол ауылына – Жайнақ;

- Талғар ауданы Панфилов ауыл округі Қызыл Ту-4 ауылына - Жібек жолы атауы беріледі.


Соңғы жаңалықтар