21:07, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы облысындағы жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі басшысы болып полковник Марат Күштібаев тағайындалды.

Марат Күштібаев 1967 жылы туған. 2002 жылы ҚР ІІМ академиясын тамамдаған. Оның ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі - 27 жыл.
Осы уақыт аралығыда өзін білікті басшы ретінде таныта алған жаңа басшыға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жемісті еңбек тілеп, жоғары жетістіктерге жетуді тіледі.
Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясының қызметін де атқарады.