Алматы облысының 18 компаниясы мемлекеттік қолдауға ие болды
«Жаркент Крахмал-сірне зауыты» ЖШС, «Transtal» ЖШС, «Құс Трейд» ЖШС, «Олимпиадаға дайындық орталығы» ЖШС, «Элит НСК» ЖШС, «Микронет» ЖШС, «КосАгроКоммерц» ЖШС және 11 жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы қолдауға ие болды. Несиеге алынған қаражатпен қондырғылар, ірі қара мал сатылып алынып, айналымдағы капитал толықтырылады.
Барлық жобалар бойынша несие бойынша пайыздық мөлшерлемелер жылдық 7 пайыздан 10%-ға дейін төмендетіледі, сондай-ақ кейбіреулері бойынша «Даму» Қорынан 85%-ға дейін кепілдік берілді.
Мәселен, «Олимпиадаға дайындық орталығы» ЖШС Қазақстанда жоқ «Олимпийский» спорттық залын салуды көздеп отыр. Жобаны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асыру жоспарланған. «Микронет» ЖШС «Даму» Қорынан 85% кепілдігінің арқасында Талдықорған қаласында құрылыс материалдарын өндіру бойынша стартап жобасын жүзеге асыра алады.
Алматы облысында жыл басынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында барлығы 116 жоба өңірлік үйлестіру кеңесінің қолдауына ие болды. Жобалардың жалпы құны 10,6 млрд. теңгеден асады.