Алматы облысының аграрлық секторы үшін 2009 жыл жемісті болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Аграрлық сектор үшін 2009 жыл жемісті болды.
None
None

Ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнімі, жыл қорытындысы бойынша, 215,8 млрд теңгеге немесе 2008 жылға қарағанда 15,2 пайызға артық болады деп күтілуде, деп хабарлады облыстық экономика және бюжеттік жоспарлау басқармасы.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректері бойынша, 1,3 млн. тоннаға жуық дәнді дақылдар жиналған, гектарынан 27,2 центнерден өнім алынды. Бұл 2008 жылғы деңгейден 572 мың тонна артық. Жеделдетілген технологиялар бойынша дақылдарды өсіру алаңы - 11,4 мың гектарға, ылғал сақтау технологиялары - 34,2 мың гектарға және тамшылатып суару алқаптары - 79,5 гектарға ұлғайды.

Мал шаруашылығында мал басы мен өндірілетін өнім де өсті. 2009 жылы аграрлық секторға 12,2 млрд. теңге бюджеттік қаражат жұмсалды. Ол 2008 жылға қарағанда 1,9 млрд. теңгеге артық.

Соңғы жаңалықтар