09:07, 11 Наурыз 2009 | GMT +5
Алматы облысының әкімдігі мен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -
Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов пен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Әзіз Илеуов кеше Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіКелісімнің мақсаты - Алматы өңірінің базарларын арзан бағалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.Бұл келісімшартты жүзеге асыру үшін тараптар өз күш-жігерлерін Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуі жүйесін құруға және аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға жұмсамақ. «Қол қойылып отырған құжат әкімдікпен арадағы біздің ынтымақтастығымызды жаңа белеске шығаруда. Күш-жігерімізді және тәжірибемізді біріктіре отырып, біз ішкі рынокты жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру және облыс пен Алматы қаласының халқын арзан бағалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету туралы Үкіметтің алға қойып отырған міндеттерін табысты жүзеге асыра аламыз», - дейді «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Әзіз Илеуов.