11:50, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматы облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіруге қатысқан барлық адамдарға алғыс білдірді
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Электр жеткізу мен телефон байланысын, ауыз судың жеткізілуін, жолдар мен көшелердің салынуын қалпына келтіруде «ТАТЭК» АҚ, «Қазақтелеком», энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы,
жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасы жеделдік танытты, деп мәлімдеді штабтың қорытынды отырысы барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов.
«Алматы-Өскемен» республикалық деңгейдегі жолды қалпына келтіру бойынша және ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің облыстық басқармасы салған негізі көпірдің құрылысы бойынша үлкен жұмыс атқарылды», - деп атап өтті ол.
Әлеуметтік саладағы нысандардың құрылысы мен қайта құрастырылуы үшін 1 млрд. 146,7 млн. теңге бөлінген. «Жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты 56 мердігерлік келісім жасалып, 4 мыңнан астам адам, 345 мың техника жұмылдырылды», - деп толықтырды А.Баталов.