Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әлия Жақыпбекова 1974 жылы туған, білімі жоғары.

Орталық Азия университетін «педагогика және психология», І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қапшағай қаласындағы № 54179 әскери бөлімінде қойма бастығы болып бастады.

Әр жылдары Талдықорған қаласындағы № 2 орта мектептің психолог маманы, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кеңесшісі, Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың қыркүйек айынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, бірнеше әннің сөзі мен әуенінің авторы.

***

Сондай-ақ, Алматы облысы әкімі аппараты басшысының өкімімен Ахметов Данияр Дуйсенбіұлы облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Данияр Ахметов 1984 жылы туған, білімі жоғары.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер», Д.А. Қонаев атындағы университетті «қаржы» мамандықтары бойынша, Ұлыбританияның Шеффилд университетін «Болашақ» бағдарламасының «халықаралық қатынастар магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда қызметін реттеу комитеті сыртқы сауда басқармасының бас маманы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Астана қаласының өкілдіктерін үйлестіру басқармасының сарапшысы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті сауда инфрақұрылымын дамыту, Құқықтық қамтамасыз ету басқармаларының басшысы, Сыртқы сауда қызметін реттеу, Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменттерінде директордың орынбасары, ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының инспекторы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы болды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап – Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

***

Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қанат Нүсіпбаев 1968 жылы туған, білімі жоғары.

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агроэколог» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Кербұлақ аудандық мемлекеттік сортучаскесінің меңгерушісі болып бастады.

Әр жылдары Қарашоқы өндірістік кооперативінде тұқым агрономы, Алматы облысы әкімі аппаратының маманы, Алматы облысының орман және биоресурстар жөніндегі басқармасының жетекші маманы, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

2013 жылдың шілде айынан - Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар