Алматы облысының әкімі әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады.
None
None
Соғыс және еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, өз ісінің үлігілі мамандары ретінде танылып үлгерген жас ұрпақ өкілдерін, қоғам қайраткерлерін мерекемен құттықтаған аймақ басшысы, оларға гүл дестелерін және ақшалай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Серік Үмбетовтың айтуынша, аймақ халқының 50 пайыздан астамын әйелдер құрап отыр, оның ішінде медицина және білім беру саласында - 80 пайыздан астам, бизнес-құрылымдарда ? 60 пайызды, құрылыс саласында ? 19 пайызды әйелдер құрайды. Өңір қыз-келіншектерін көктем мерекесімен құттықтаған әкім, олардың отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық тіледі.
Соңғы жаңалықтар