Алматы облысының әкімі дарынды балалармен жүздесті

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов жылдағы дәстүр бойынша облыстың бір топ дарынды оқушыларымен кездесті,
None
None

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Облыс әкімімен кездесуге Алматы облысының барлық аудандарынан 60 дарынды бала келді. Олардың барлығы Қазақстанда, шетелдерде өткен түрлі мектеп олимпиадалары мен басқа да шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары болып табылады.

Әкім өз сөзінде Талдықорғандағы №20 лицейдің оқушысы Нұрсұлтан Қажымұратовтың есімін ерекше атап көрсетті. Ол халықаралық ғылыми жарыстардан 8 алтын, 7 күміс, үш қола медаль олжалаған жас дарын. Сол лицейдің оқушысы Қанат Сатылғанов да одан қалыспайды, Қанат 4 алтын, 3 күміс медальдың, сондай-ақ түрлі дәрежедегі дипломдардың иегері.

Облыстың оқушылары дүбірлі додалардан өткен жылы 96 медаль алса, биылдың өзінде 142 алқаға қол жеткізген.

- Сендердің барлықтарың біздің мақтанышымызсыңдар және бүкіл Қазақстанның байлығысыңдар. Сендердің білімдеріңнің арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таниды, тек ғылыми салада ғана емес, спортта да ең жүлделі орындар алып отырған елдің жастарына таңданады, деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Сонымен қатар әкім, білім сайыстарында қол жеткізген жетістіктері үшін ризашылығын білдіріп, жас дарындарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Соңғы жаңалықтар