Алматы облысының әкімі қарттар үйінің тұрғындарына сыйлықтар тапсырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Текелідегі қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барып, оларды көктемнің шуақты мерекесі Әз Наурызбен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

"Қазақ халқы Наурыз мерекесін Ұлыстың ұлы күні деп атайды, бұл күні ай мен күн теңеліп, жер ана жылынып, табиғат оянады. Бабадан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз насихатталып, ағайын-туысқа қайырымдылық көрсетіледі. Әз Наурыз - табиғатқа, қоршаған ортаға деген қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетілетін сыйластық, татулық, ізгілік мерекесі", - деді А. Мұсаханов.

Құттықтап болғаннан кейін облыс әкімі интернат үйінің тұрғындарына сыйлық таратты.

Соңғы жаңалықтар