Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов құқық қорғаушыларға автомобиль көліктерінің кілтін тапсырды

АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Кеше кешкілік Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов құқық қорғаушыларға автомобиль көліктерінің кілтін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне берілген қызметтік көліктердің 35-і жол полициясына, 62-сі патрульдік полицияға, 15-і департаменттің жедел қызметінің қажеттіліктері үшін ұсынылды. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 250 млн. теңге бөлінген болатын.

Аймақ басшысының айтуынша, құқық қорғау органдарының жұмысы айрықша назар аударуды қажет етеді. Автокөліктен басқа бұл салаға үстіміздегі жылы 70 компьютерлік және басқа да арнайы құрал-жабдықтар сатып алынған. Сонымен қатар әр түрлі 144 қызметтік автокөлікті жеткізіп беруге келісімшарт жасалды.

2010 жылы Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық қазынадан 388 млн. теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Облыс әкімі Серік Үмбетов «Аталған шаралардың барлығы құқық қорғаушылар жұмысының тиімділігін, жеделділігін арттыруға, аймақта қоғамдық тәртіптің сақталуына өз ықпалын тигізуі тиіс», - деп атап өтіп, полиция қызметкерлеріне жағдай жасалуымен қатар қатаң талап та қойылатынын жеткізді. Сондай-ақ қоғамды қылмыстық әрекеттерден тазартумен қатар тұрмыстық қалдықтардан да тазалау қажет деді өз сөзінде. Бұл үшін Талдықорған қаласының коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне көше тазалайтын және коммуналдық шаруашылықтың басқа да қажеттіліктері үшін 12 арнайы техника тапсырылды. Бұған биылғы жылы облыс бюджетінен 152 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар