Алматы облысының әкімі жастар көшбасшыларына 200 мың теңгеден сыйлық тапсырды (ФОТО)

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай шаралар ауқымында Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында облыс әкімінің «Көшбасшы-2015» жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі өтті.
None
None

Бұл сыйлық әртүрлі салалардағы жас белсенді жастарды қолдау және ынталандыру мақсатында тағайындалған болатын.

Облыс әкімі Амандық Баталов өз сөзінде қоғамның тәуелсіздігін нығайтудағы жастардың рөлін атап өтті. Жас көшбасшыларға 17 аталымда дипломдар мен 200 000 теңгеден ақшалай сертификаттар тапсырылды.

Кездесу соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының думанды концертімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар