Алматы облысының барлық мектептері Интернетке қосылды
Бұл туралы педагог ұжымдарының тамыз мәслихатында облыстық білім басқармасының бастығы Ләззат Базарқұлова мәлімдеді.
Мектептерді одан әрі ақпараттандыру жалғасуда. Бұл үшін республикалық бюджеттен 204 млн. теңге 1860 компьютер сатып алу үшін бөлінді. Бүгінде облыста 15,8 оқушыға бір компьютерден келеді. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің жалпы сомасы 210 млн. теңге қаржысына тағы 1800 компьютер сатып алу жоспарланып отыр. Қашықтан оқуға қосу үшін 5,4 млн. теңге қарастырылды.
Биылғы жылы республикалық бюджеттің 223 млн. теңге қаржысына облыстың 40 мектебінде лингафон және мультимедиа кабинеттері жабдықталды. 66 мектепке 384 млн. теңгеге интерактивтік тақталар қондырылды. Қазір педагогтердың интерактивтік жабдықтармен жұмысты үйренуі үшін курстар ұйымдастырылды», - деді Л.Базарқұлова.