Алматы облысының бизнесмендері қиындыққа тап болған аналардың балаларын тастап кетуіне жол бермейді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы тастанды балалардың пайда болуының алдын алуға ниетті. Бұған Қазақстан кәсіпкерлері «Ана үйі» жобасының көмегімен қол жеткізбекші.

Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалғызбасты аналарға арналған дағдарыс орталығы 2014 жылғы ақпанда ашылған. Бүгін «Аналар үйінде» жеті жас ана тұрып жатыр. Екеуі жүкті, қалғандарының кішкентай нәрестелері бар. 1,5 жылда бұл жерге 36 әйел жүгінген. 29-ының өмірлік проблемалары шешілген.

Бұл жерге ата-аналарының түсінбеуі, қаржылай қиындық, баланың әкесімен келіспей қалуы сияқты түрлі себептермен келеді. Қамқорлыққа алынғандардың көпшілігі өздері жетімдер. Бастысы, олар сәбилерін балалар үйіне беруге жол берілмейді, - дейді жоба үйлестірушісі.

«Миссиясы - тастанды балаларды болдырмау, баланы ата-аналарымен қалдыру. Бұл бизнесмен Айдын Рахымбаевтың пилоттық жобасы, бұған Қазақстанның бизнесмендері қосылды», - деді «Аналар үйінің» үйлеструшісі Бақытгүл Жексенбаева.

Орталыққа келген әйелдермен психологтар, медиктер жұмыс істейді. Құжаттар алуға, қайта оқытудан өтуге жәрдемдеседі. Негізінен олар өздері келеді. Бұдан басқа орталық облыстық перзентханалармен бірлесіп жұмыс істейді. Жас ана баланы тастап кетпекші болғанда, оған уақытында дұрыс шешім қабылдауға көмек беріледі, мұндай проблемалар да аз емес.

Дағарыс орталығында әйелдер 1,5 жылға дейін тұра алады. Олар барлық жағынан толық қамсыздандырылады. Тұруға барлық жағдай жасалған, тәулік бойы медбике, жүргіуші жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар
telegram