09:00, 04 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматы облысының Боралдай кентінде қылмыскерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қақтығысуы болды - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше, 2011 жылдың 3-ші желтоқсан күні, шамамен 19 сағ. 30 минутта Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде жекелеген адамдарды ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұстау барысында олар қарулы қарсылық көрсетті, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыскерлер аталған кенттегі бір үйде оқшауланды.
Оқиға орны ішкі істер органдарының күштерімен қоршауға алынды, жақын жердегі үй тұрғындары қауіпсіз аумаққа шығарылды.
Тергеу-іздестіру тобы құрылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстың құқық қорғау органдары қызмет етудің күшейтілген тәртібіне көшірілді.
Кенттегі және аудандағы жағдай толық бақылауда.Тұрғындар үшін қауіп және алаңдаушылық үшін негіз жоқ.
Тексерілмеген мағлұматтарды таратудан бас тартуға және тек ресми көздердің сенімді ақпараттарын пайдалануға шақырамыз, делінген Бас прокуратураның баспасөз баянында.
Қосымша ақпарат кейінірек берілетін болады.