Алматы облысының бұрынғы бас өрт сөндірушісі 5 жылға сотталды

Бұрынғы басшы ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігі 1,2-бөлімшелерінде көрсетілген («Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуы») қылмыстарды жасауда айыпты деп танылды.
Оның қылмыстық жолмен тапқан ақшасы тәркіленіп, жалпы режимдегі түзеу колониясына 5 жылға қамалды және өмір бойына мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтер атқаруға тыйым салынды.
ҚР ҚК 49-бабы, 1-бөліміне сәйкес, «полковник» арнайы әскери атағынан айырылды. Оған пара беруші - «ZHETYSU GLOBAL» ЖШС директоры ҚР ҚК 28-бабы, 5-бөлімі, 189-бабы, 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты түрде 5 жылға сотталды. Тағы бір пара беруші - «АвтоҚазСервис» ЖШС мемлекеттік сатып алулары бойынша жұмыс істеген жеке кәсіпкерге ҚР ҚК 28-бабы, 5-бөлімі, 189-бабы, 2-бөлімі бойынша айып тағылып, 1 484 700 теңге көлемінде 700 АЕК айыппұл салынды.
Сот үкімімен сотталушылардан ММ пайдасына 2 225 106 теңге және 504 239 теңге процессуалдық шығын мен 22 251 теңге мемлекеттік баж салығы өндіріп алынды.