07:58, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
Алматы облысының ішкі туризмін дамытуға 510 млн. теңге бөлінді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысының ішкі туризмін дамытуға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 510 млн. теңге бөлінді.

Алматы облысы бойынша аймақтық бөлімше директоры Ринат Талтүсовтің атап өтуінше, «Жаңа бизнес бастамаларды қолдаудың» бірінші бағыты бойынша мемлекеттен қаражаттандырулар бойынша төлемдер 58 млн. астам теңгені құрады. Негізінен инвестициялық мақсаттарға бағытталған 460 млн. теңгесін компаниялар игеріп үлгерді.
Өткен жылы Жетісу өлкесіне 167 мың турист келді, туристік операторлардың көрсеткен ақылы қызметтерінің жалпы көлемі 2,4 млрд. теңгені құраған еді.