Алматы облысының кәсіпкерлері жылды қорытындылады

Бұл кеңес облыстық кәсіпкерлер палатасының бақылаушы органы. Биыл кәсіпкерлер палатасына бизнес қауымдастық өкілдерінің құқығын қорғау бағытында 311 өтініш түскен.
Оның 206-сы кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, 664 млн теңгеге шығындандырған кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Палата құрылған үш жылда бұл сома 1 млрд теңгеден асты. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері 155 сот отырысына қатысып, оның 70 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2016 жылы «Бизнес аймақтар» пилоттық жобасын сәтті жүзеге асырды. Бұл жоба шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге бағытталған. Жоба аясында 300 млн теңге бөлініп, 87 кәсіпкер несиеге қаржы алды.
Сондай-ақ облыста кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы әзірленді. Картаға инвесторлар мен кәсіпкерлер туралы мәліметтер жинақталып, қай салаға қаржы тарту мен дамыту қажеттігі анықталды. Бүгінгі таңда құны 8,1 млрд теңге болатын 17 жоба енгізілді. 2 жобаға қаржы бөлініп, жыл соңына дейін тағы 7 жобаны кіргізу жоспарланған.