Алматы облысының Кеген ауылында жел 16 тұрғын үй мен 6 әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кеген ауылында кеше сағат 14.35-те күшті жел (екпіні 25 м/с-қа жетті) бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкетті.
None
None

Атап айтар болсақ, шамамен 450 м2 аумақта орналасқан әкімдік ғимаратының, «Шырғанақ» дәмханасының - 300 м2, «Айнұр» дәмханасының - 40 м2, Орталық аудандық аурухананың - 20 м2, Жаңабаев атындағы орта мектеп - 20 м2, № 3 орта мектеп -30 м2 және 16 жекеменшік тұрғын үйдің шатырлары бүлінді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасауда.

Соңғы жаңалықтар