Алматы облысының компаниялары ЭКСПО-2017 құрылысына 45,9 млн. теңгенің өнімін жеткізеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның басшылығы мен бас мердігерлері Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті.
None
None

Жетісу өңірінің тауар өндірушілері өз өнімдерінің басымдықтары туралы айтып, жеткізілімдердің үлкен көлемдерін қамтамасыз ете алатынын атап өтті.

Қазақстанда болаттан жасалған есіктер мен өртке қарсы құрылыстарды шығаратын ірі зауыт Алматы облысында орналасқан. Нарықта 10 жыл қызмет етіп отырған олар осы уақыттың ішінде өз саласының көшбасшысы атанды.

«Біз ЭКСПО-2017 жобасы үшін арнайы шығарылған алдын ала нобайлар, сызбалар, түрлі дизайндарды дайындадық. Мен Қазақстандағы әрбір өндіруші компаниясы үшін ЭКСПО-2017 - бизнестің өзін көрсете алатын көрнекі жоба деп ойлаймын», - деп мәлімдеді кездесуге қатысушылардың бірі, «AlCom Engineering Group» ЖШС-нің бас директоры Данияр Әлжанов.

Жетісу кәсіпкерлері құрылыстың тек бас мердігерлермен ғана емес, бас жобалаушылар - «IT Engineering SA» компаниясы мен инвестор - «Ренессанс констракшн» («Mega Plaza» сауда-ойын-сауық орталығы) ЖШС-мен ынтымақтастық құру мүмкіндігін талқылады.

«Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС 2008 жылдан бастап жұмыс істеуде. Бүгінде ол Қазақстанда өз сегментіндегі жалғыз зауыт болып табылады.

«Өндіріс қуаттылығы ЭКСПО-2017 көрмесіне вентиляциялық жабдықтардың көп бөлігін жеткізуге мүмкіндік беріп отыр», - деп қосып өтті «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-нің коммерциялық директоры Радина Әшірова.

Кәсіпкерлердің пікірінше, Қазақстанның бас құрылыс алаңына өнімдерді жеткізу - бұл ақша табу ғана емес, елдің ұлттық жобасының бір бөлігіне айналу мүмкіндігі.

Кездесу барысында тараптар байланыс мекенжайларымен алмасып, бастапқы келісушілікке қол жеткізді.

Алматы облысындағы отандық тауар өндірушілердің тарту жұмысы жалғастырылатынын атап өту керек, қазіргі кезеңде темірбетон құрылыстары, шпалдар мен тіреуіштер шығаратын «БеНТ» АҚ-мен келісім орнатылған. Келісімнің жалпы сомасы 45,9 млн. теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның басшылығы мен бас мердігерлері Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының тауар өндірушілерімен бірқатар кездесулер өткізіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар