18:57, 27 Шілде 2012 | GMT +5
Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болады деп күтілуде
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Нөсерлі жаңбырларға байланысты алдағы екі тәулікте (28-29 шілде) Алматы облысының жекелеген өзендерінде су тасқыны болады деп күтілуде, сел жүруі ықтимал.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.