Алматы облысының Панфилов ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданына жаңа әкім болып Темірлан Бектасов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Амандық Баталов жаңа әкімді аудан активінің отырысында жергілікті жұртшылыққа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Шекара шебінде орналасқан ауданның жаңа әкімі бұған дейін облыстық құрылыс басқармасын басқарған болатын.
Темірлан Амангелдіұлы 1969 жылы туған. Алматы гидромелиоративтік техникумын техник-гидротехник, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері болып бастады.
Әр жылдары «Қарасай аудандық өндірістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК I дәрежелі технигі, II дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі, «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы болды.
null

Ал Панфилов ауданының әкімі болған Бердәулет Ешенұлы зейнеттік жасына жетуіне байланысты аталған қызметтен босатылды. Амандық Баталов бұл қызметті абыроймен атқарған бұрынғы әкімге алғысын білдірді. Үш жыл ішінде жүгері алқаптары еселеп артып, жаңа бау-бақшалар отырғызылды. Жаркент крахмал-сірне зауытының жұмысы жанданып, өндіріс көлемі артты.
null

Сондай-ақ, жиын барысында Амандық Ғаббасұлы Жаркентте жаңа əуежай салынатындығын айтып, өңірдің даму жоспарын сөз етті. Тұтастай алғанда Панфилов ауданында Нұркент, Қорғас сынды ірі жобалардың жүзеге асырылуын қадағалап, құрылыстың сапалы және уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар