Алматы облысының прокуратурасы 3 638 тұлғаның конституциялық құқығын қорғады

Облыс прокурорының көмекшісі Тасқын Жөкеев мәлім еткендей, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 32 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 108 тұлға әкімшілік және 27 тұлға материалды жауапкершілікке тартылды.
Жалақы мөлшерін бірнеше рет кешіктіріп, уақытында бермей, ол қаражатты басқа мақсаттарға жұмсаған жұмыс берушілерге қатысты ҚР ҚК-нің 148 бабының 3 бөлімі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.
Мәселен, Іле ауданындағы «Ремқұрылыстехника» АҚ-да жүргізілген еңбек заңнамасын тексеру барысында анықталғандай, жұмыс беруіші 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 18 152 942 теңге сомасында 393 қызметкердің жалақысын бермеген. Қаражаттың жұмсалуы жөніндегі құжаттарға қарағанда 2012 жылдың басынан бері АҚ-ның кассасына 86 млн.-нан астам теңге түскен. Кәсіпорын бұл қаражатты өндірістің басқа шығындарына жұмсаған.