Алматы облысының Сарыөзек ауылында әскери гранаталар табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 наурыз. ҚазАқпарат - «Арлан» арнайы жасағының сарбаздары Алматы облысының Кербұлақ ауданында табылған екі әскери гранатаны зиянсыздандырды.
None
None

Кербұлақ АІІБ-нің кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып, Сарыөзек ауылының шетінде екі әскери граната жатқандығын хабарлады. Аталған жерге дереу жеткен жедел-іздестіру тобы оқ-дәрілердің табылғандығы туралы ақпаратты растады.

Гранаталардың екеуінде де тоттану белгілері болды, бұл кездейсоқ жарылып кету қаупін арттырды. Кербұлақ АІІБ-нің полицейлері қауіпті аумақты облыс орталығынан ІІД «Арлан» арнайы жасағының саперлары келгенге дейін қоршауға алды. Гранаталар арнайы полигонда жойылатын болады.

Соңғы жаңалықтар