16:43, 12 Маусым 2016 | GMT +5
Алматы облысының таулы өзендерінде сел жүруі ықтимал - Алматы ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ауа-райының ыстық болуына байланысты, 2016 жылдың 12-14 маусымы аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су басу және кішігірім сел жүру оқиғалары орын алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 12 маусымдағы №53-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасады.
12-14 маусым аралығында Алматы облысында ауа-райының ыстық болуына байланысты, таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су басу және кішігірім сел жүру оқиғалары орын алуы мүмкін», - делінген хабарламада.