Алматы өңірінде бірнеше қарулы қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алматы өңірінде бірнеше қарулы қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы өңірінде бірнеше қарулы қарақшылық шабуыл жасаған топ ұсталды

«Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облыстарында қарулы қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады. Олар жеке  тұрғын үйлерге шабуыл жасап, қару қолдану арқылы ақша қаражаттары мен бағалы заттарын алып кетіп отырған. Ұсталғандардан қару-жарақтар мен айғақ заттар алынды. Күдіктілер бірнеше қарақшылық шабуыл жасағандары жайында куәлік беруде. Аталған факті ҚР ҚК 192 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді Алмас Садубаев.