Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағында терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекет ету әдістері талқыланды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын орындау үшін діни экстремизм профилактикасын күшейту мақсатында Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы әрекет ету, діни эстремизм, терроризм олардың түп төркіні және қарсы әрекет ету жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің өкілдері; әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, идеология және арнайы насихат жөніндегі аға офицерлер қатысты. Іс-шараға шақырылған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының теологы дін саласындағы істің жай-күйі жайында баяндап берді.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында әлемдегі діни ағымдардың негізгі ұғымдары ашылып көрсетілді, еліміздің қоғамдық өміріндегі дін рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысында терроризм мени экстремизмнің дереу әрекет етуді қажет ететін жалпы әлемдік проблема екені айтылды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың, діни экстремизмнің әскери ортаға еніп кетуін болдырмаудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Сонымен бірге, жұмыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар осы көріністерге қарсы тұрудың түрлері мен әдістерін, армия ортасындағы алдын алу шараларын талқылады.

Жұмыс барысында деструктивті діни ағымдардың, діни экстремизм мен терроризмнің бетпердесін, олардың қазіргі заманғы қоғамға төндіретін қаупін ашып көрсететін «Моя вера» атты оқу-деректі фильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар