Алматы өңірлік қаржы орталығы халықтың қаржы саласындағы білімін көтеруге мүдделі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықтың қаржы саласындағы сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шара аясында қаржы ұйымдарының жәрмеңкесі ашылды. Сондай-ақ бүгін қашықтан оқыту жүйесі негізінде қаржы нарығындағы жетекші мамандардың қатысуымен инвестиция тартудың балама көздері, құнды қағаздар, тұрғын-үй құрылысы жинақтары, инвестициялық банкинг, сақтандыру және зейнетақы жүйесі бойынша арнайы семинар-кеңестерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Алматы өңірлік қаржы орталығының пиар-менеджері Динара Жолдасбаеваның айтуынша, осы уақытқа дейін республика бойынша ашылған 17 ақпараттық білім беру бөлімшелерінде 50 мыңнан астам адам болып, қаржы нарығы бойынша арнайы дәрістер тыңдады.
«Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі қаржы саласындағы бюджетті ұлғайту бойынша депозит және тағы басқа ақша көбейту жүйелерін меңгеруге құлшыныс танытып келеді», - дейді Д.Жолдасбаева.