Almaty Open: Бублик 2024 жылғы чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Алматы ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Almaty Open: Бублик 2024 жылғы чемпионды жеңіп, жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 25-орындағы ресейлік, Алматы додасының 2024 жылғы жеңімпазы Карен Хачановқа тап келді.

Бірінші сетте есеп 3:3 болған мезетте ресейлік спортшы брейк жасап кетті – 6:4.

Екінші партияда тай-брейкте Бубликтің мерейі үстем болды – 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші сетте тай-брейкте Александрдың асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:5) 

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 21 эйс жасағанымен, 5 брейк-пойнтты біреуін де пайдалана алмады. Хачанов 8 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, ресейлік, Алматы турнирінің былтырғы чемпионы Даниил Медведевпен таласады. Медведев ширек финалда рейтингіде 98-сатыдағы франциялық Теренс Атманды қапы қалдырды – 6:4, 6:4.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Қытайдағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік.