Елена Рыбакина Қытайдағы жарыстың жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 128-орындағы Польша өкілі Катажина Каваны сынап көрді. Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Бірінші сетте Елена айқын басымдық танытты 6:1.
Екіншісінде К.Кава 4:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Е.Рыбакина есепті қысқартқанымен, поляк теннисшісі есесін жібермеді – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Рыбакина 4:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:1. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:1.
Е.Рыбакина 68 эйспен бірге 17 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Кава 2 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін рейтингіде 13-сатыдағы ресейлік Диана Шнайдермен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Ива Йовичті жолдан тайдырды - 6:3, 4:6, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Алматы турнирінің жартылай финалына шығу үшін таласады.