Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 105-орындағы өзбекстандық Полина Кудерметоваға тап келді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен алға кетті.

Бұдан кейін Кудерметовв матчты жалғастырудан бас тартты.

Жарты сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде Рыбакина 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 128-сатыдағы Польша өкілі Катажина Кавамен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичті жолдан тайдырды — 7:5, 6:2.

Елена Рыбакина өткен жылы осы додада чемпион атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Алматыдағы соңғы жарысын жеңіспен бастағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Алматы турнирінде Бублик пен Нұрланұлы алғаш рет бірге өнер көрсетті.

Елена Рыбакина ірі жарыстардағы виннерс саны жөнінен көш бастады.